26.06.2026 22:55
Рис Джеймс қатардан шықты
26.06.2026 22:55
Англия құрамасының қорғаушысы Рис Джеймс қатардан шықты

«Челси» капитаны Ганаға (0:0) қарсы матчта бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты командамен болған соңғы жаттығудан тыс қалған. Енді оның 27 маусым күні өтетін Панамаға қарсы ойынға қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.
Сондай-ақ кішігірім жарақат алған Деклан Райстың жағдайы туралы әлі нақты ақпарат шыққан жоқ.
Екі турдан кейін төрт ұпай жинаған Томас Тухель шәкірттері L тобында көш бастап тұр.