06.07.2026 17:37
Филипе Луис «Монако» бас бапкері атанды
06.07.2026 17:37
Филипе Луис «Монако» бас бапкері атанды

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
40 жастағы бразилиялық маман осыған дейін «Фламенгоны» баптаған. Ал монегаскілерді Себастьен Покконьоли жаттықтырып келді.
Луис футболшы ретінде «Фламенго», «Атлетико», «Челси» және «Депортивода» ойнап, мансабын 2024 жылы аяқтап кетті.