06.07.2026 16:51
Джон Дуран «Галатасарайға» ауысуға жақын
06.07.2026 16:51
«Әл-Наср» шабуылшысы Джон Дуран «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, Ыстамбұлдың клубы Дуранмен «4+1» жүйесі бойынша келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Оған сәйкес жалақысы бес миллион еуроны құрайды екен. Джонның өзі «Әл-Насрға» «Галатасарайға» ауысқысы келетінін ескертіп қойыпты. Қазір қос клуб келіссөз жүргізіп жатыр.
22 жастағы колумбиялық форвард өткен маусымда 30 матчта жеті гол соғып, үш нәтижелі пас берді.