24.09.2025 16:56
Еуропа Лигасының фавориттері жарияланды
24.09.2025 16:56
Бүгін, 24 қыркүйекте Еуропа лигасының жаңа маусымы басталады
Осы орайда Opta суперкомпьютері Еуропа лигасын жеңуге басты үміткер клубтарды атады.
Тізімнің көшін Унаи Эмери шәкірттері «Астон Вилла» бастап тұр. Екінші орынға италиялық «Рома» жайғасқан. Ал үздік үштікті биыл Постекоглуды тағайындаған «Ноттингем Форест» түйіндеп тұр.
Opta нұсқасы бойынша Еуропа лигасын жеңуге үмітті топ-10 клуб:
«Астон Вилла» — 23,3%
«Рома» — 13%
«Ноттингем Форест» — 10,2%
«Лилль» — 8,1%
«Лион» — 6,7%
«Болонья» — 5,7%
«Порту» — 5,3%
«Фейеноорд» — 5,1%
«Штутгарт» — 3,2%
«Бетис» — 3,1%
Ал Чемпиондар лигасына іріктеу турнирінің финалында «Қайратқа» жол берген «Селтик» (2,2%) 11-сатыдан көрінді.
Бірінші тур ойындары ертең, 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Еске салсақ, өткен маусымда «Тоттенхэм» финалда «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен тізе бүктіріп, Еуропа лигасында топ жарған еді.