11.09.2025 14:48
Еуропа лигасының фавориттері белгілі болды
11.09.2025 14:48
Opta суперкомпьютері Еуропа лигасын жеңуге басты үміткер клубтарды атады
Тізімнің көшін Унаи Эмери шәкірттері «Астон Вилла» бастап тұр. Екінші орынға италиялық «Рома» жайғасқан. Ал үздік үштікті биыл Постекоглуды тағайындаған «Ноттингем Форест» түйіндеп тұр.
Opta нұсқасы бойынша Еуропа лигасының басты фавориттері:
«Астон Вилла» — 21,6%;
«Рома» — 12,8%;
«Ноттингем Форест» — 11,3%;
«Лилль» — 10,1%;
«Лион» — 8,3%;
«Фейеноорд» — 5,2%;
«Болонья» — 5,1%;
«Порту» — 4,3%;
«Штутгарт» — 2,8%;
«Бетис» — 2,6%;
«Фенербахче» — 2,1%;
«Селтик» — 1,8%;
«Спортинг Брага» — 1,7%;
«Црвена Звезда» — 1,4%;
«Генк» — 1,2%;
«Ницца» — 1,1%;
«Сельта» — 1,1%;
«Мидтьюлланд» — 1,0%;
«Динамо Загреб» — 0,8%;
«Утрехт» — 0,5%.
Жаңа маусымның алғашқы туры 24-25 қыркүйек аралығына жоспарланған.
Еске салсақ, өткен маусымда «Тоттенхэм» финалда «Манчестер Юнайтедті» 1:0 есебімен тізе бүктіріп, Еуропа лигасында топ жарған еді.