08.10.2026 21:07

Эндрик «Миланға» ауысуға дайын

08.10.2026 21:07

«Реал» шабуылшысы Эндрик «Миланға» ауысуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, 20 жастағы бразилиялық форвард «россонерри» қатарына қосылуға дайын.

«Милан» бұған дейін тамыз айында Эндриктің трансфері бойынша «Реалмен» келіссөз жүргізген еді. Бірақ бас бапкері Жозе Моуринью оны Италияға жібермеді. Енді Миланның ұжымы Эндрикті қыста жалға алу үшін барын салмақ.

Эндрик осы маусымда алаңда небәрі төрт минут өткізді. Оның «бланкоспен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram