06.10.2026 22:46

Сергей Малый рекорд орнатты

06.10.2026 22:46

Сергей Малый Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген футболшы атанды

Ұлттар лигасындағы Фарер аралдарына қарсы кездесу (2:2) 36 жастағы «Ордабасы» қорғаушысы үшін 77-ойын болды. Осылайша ол 76 матчта алаңға шыққан Самат Смақовтың рекордын жаңартты.

Малый мерейлі матчында 68-минутта гол соғып, 85-минутта қызыл қағаз алды.

Сергей Ұлттық құрама сапында 2014 жылы дебют жасаған еді. Содан бері ол төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram