21.05.2026 15:58

Энцо Фернандес «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

21.05.2026 15:58

«Челси» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

ESPN Argentina хабарлауынша, егер Энцо Мареска «қалалықтарды» тізгіндесе, онда бірінші болып Фернандесті өз командасында көргісі келеді. 25 жастағы аргентиналық ойыншы аттасы үшін «Манчестер Ситиге» ауысуға дайын.

Осыған дейін Фабрицио Романо Маресканың «Манчестер Ситимен» келісімге келгені және 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қоятыны туралы хабарлаған еді.

«Көктер» Фернандесті 2023 жылы «Бенфикадан» 121 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 53 матчта 15 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram