15.04.2026 17:26

Экитикенің жарақаты расталды

15.04.2026 17:26

«Ливерпуль» шабуылшысы Уго Экитике қатардан шықты

23 жастағы форвард Чемпиондар лигасының ширек финалы аясындағы ПСЖ-ға (0:2) қарсы қарымта матчта ауыр жарақат алған еді.

Медициналық тексерістен кейін оның оң аяғының ахилл сіңірі зақымдалғаны анықталды. Соның салдарынан Уго 8-9 ай командасына көмектесе алмайды және Франция құрамасымен Әлем чемпионатына бармайды.

Экитике Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Айнтрахттан» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 45 матчта 17 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram