15.04.2026 12:11

Экитике Әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

15.04.2026 12:11

«Ливерпуль» шабуылшысы Уго Экитике қатардан шықты

23 жастағы форвард Чемпиондар лигасы ширек финалы аясындағы ПСЖ-ға (0:2) қарсы қарымта матчта ауыр жарақат алды. Көптеген инсайдерлер оның оң аяғының ахилл сіңірін үзіп алуы мүмкін екені туралы жарыса жазып жатыр. Егер бұл расталса Уго биыл Франция құрамасымен Әлем чемпионатына бармайды және шамамен 9-12 ай көлемінде алаңға шыға алмайды. Бүгін ол медициналық тексерістен өтуі керек.

Экитике Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Айнтрахттан» 95 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 45 матчта 17 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram