26.08.2025 15:53

Экитике 12 жыл бұрынғы нәтижені қайталады

26.08.2025 15:53

«Ливерпуль» ойыншысы Уго Экитике Ағылшын Премьер-лигасының 3-турында «Ньюкасл» (3:2) қақпасының торын тулатты

Осылайша, франциялық шабуылшы Даниэль Старридждің кезінен бері «Ливерпуль» сапындағы бірінші үш матчында гол соққан алғашқы ойыншы атанды.

Англиялық форвард бұл көрсеткішті сонау 2013 жылы тіркеген еді.

Экитике «Ливерпульге» осы жазда «Айнтрахттан» 95 млн еуроға ауысып келген болатын. Клубқа келе сала алғашқы үш матчында «Кристал Пэлас» (2:2), «Борнмут» (4:2) және «Ньюкасл» (3:2) қақпасын дәл көздеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram