01.09.2025 11:28
Джексон Лондонға қайтады
01.09.2025 11:28
«Челси» ойыншысы Николас Джексон клубта қалатын болды
Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, «Бавария» сенегалдық шабуылшының трансферінен түбегейлі бас тартқан екен.
Енді Джексон мен оның агенті Али Барат Англияға қайтып, «Челсиге» қосылады.
Еске салайық, Джексонның трансфері орта жолдан үзілген болатын. Лиам Делаптың жарақатына байланысты лондондық клуб футболшысын жалға беруден айнып қалған еді.