12.10.2025 18:45

Дінмұхаммед Қашкен хейтке қатысты пікір білдірді

12.10.2025 18:45

«Жетісу» қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен соңғы кезде өзіне қатысты айтылған сынға қатысты пікір білдірді.

«Ұлттық құрама сапында ойнау – мен үшін зор абырой. Бұл үлкен бақ! Көк туымыз үшін жанымды пида қылуға дайынмын. Тіпті жалғыз күресуім керек болса, оған да дайынмын. Ел үшін, ту үшін!

Хейт әрқашан болады. Оны аса қатты көңіліме алмаймын. Қалыпты жағдай. Әркімнің өз ойы бар.

Мені ұлттық құрамаға шақырған соң, ұсыныстан бас тарта алмаймын. Бұл – арманым. Енді бәрін ойыныммен дәлелдеймін. Бас бапкер өзімді көрсетуге үлкен мүмкіндік берді», – деді қорғаушы.

Қашкен Қазақстан U17, U18, U19 және U21 командасында ойнаған, бірақ ұлттық құрама сапында әзірге бірде-бір матч өткізбеді.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram