08.10.2025 15:18
Дин Хейсен қатардан шықты
08.10.2025 15:18
Дин Хейсен Испания құрамасының қосынынан кетіп қалды
«Реал» қорғаушысы жарақатына байланысты алаңға шығуға 100% дайын емес екен.
Осылайша клубына оралып, оның орнына «Атлетиктен» Эмерик Ляпорт шақырту алды.
«Қызыл фурия» осы айда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында екі ойын өткізеді. Алдымен 11 қазанда Грузиямен кездессе, араға үш күн салып, Болгариямен күш сынасады.
Екі ойыннан кейін алты ұпай жинап, қақпасына бірде-бір гол өткізбеген Луис де ла Фуэнтэ шәкірттері Е тобында көш бастап келеді.