15.05.2026 20:09

Де Лигт Әлем чемпионатына қатыспайды

15.05.2026 20:09

«Манчестер Юнайтед» және Нидерланд құрамасының қорғаушысы Маттейс де Лигт Әлем чемпионатына қатыспайды

30 қарашадан бері алаңға шықпаған 26 жастағы ойыншы бүгін, 15 мамыр күні арқасына ота жасатты.

Осыған байланысты ол биыл 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтетін мундиальдан тыс қалады.

Нидерланд жаһан додасында F тобында Жапония, Тунис және Швециямен күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram