15.05.2026 19:49

Кэррик «Манчестер Юнайтедте» қалады

15.05.2026 19:49

«Манчестер Юнайтед» бас бапкері Майкл Кэррик клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап бірнеше апта бойы келіссөз жүргізіп, нәтижесінде бір мәмілеге келді. Енді жақында «2+1» жүйесі бойынша немесе бірден үш жылға жарамды келісімшартқа қол қойылады. Бұған манкуниандықтардың қожайыны Сэр Джим Рэтклифф те келісімін беріп отыр.

44 жастағы ағылшын маманы «қызыл сойқандарды» 13 қаңтар күні тізгіндеген еді. Ол келгелі команда 10 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram