21.10.2026 14:09

Дани Ольмо Эль-Класикоға қатыспайды

21.10.2026 14:09

«Барселона» жартылай қорғаушысы Дани Ольмо қатардан шықты

Mundo Deportivo хабарлауынша, 27 жастағы ойыншы Чемпиондар лигасындағы ПСЖ-ға (2:4) қарсы кездесуде сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты ол 25 қазанға жоспарланған Ла Лига аясындағы «Реалға» қарсы матчқа қатыспайды. Эль-класико «Камп Ноу» стадионында өтіп, сағат 00:00-де басталады.

Каталонияның клубы Ольмоны 2024 жылы «Лейпцигтен» 61 миллион еуроға сатып алған еді. Дани осы маусымда 12 матчта бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Оның «блаугранамен» келісімшарты 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram