11.12.2025 22:26

Чемпиондар лигасының үздіктері аталды

11.12.2025 22:26

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің алтыншы турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрама жасақталды

UEFA бақылаушылары символикалық құрамаға 11 түрлі клубтың ойыншыларын қосты.

Қақпашы: Унаи Симон («Атлетик»);

Қорғаушылар: Нико О'Райли («Манчестер Сити»), Мұхамед Салису («Монако»), Давид Ганцко («Атлетико»), Жюль Кунде («Барселона»);

Жартылай қорғаушылар: Карл Леннарт («Бавария»), Ричард Риос («Бенфика»), Шарль де Кетеларе («Аталанта»);

Шабуылшылар: Энтони Гордон («Ньюкасл»), Мейсон Гринвуд («Марсель»), Нони Мадуеке («Арсенал»).

Айта кетейік, турдың «үздік ойыншысы» марапатын «Брюгге» (3:0) қақпасына дубль жасаған «Арсенал» вингері Нони Мадуеке жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram