11.12.2025 20:03
Салахты қажет етпеді
11.12.2025 20:03
Салах Сауд Арабиясының клубтарына қажет емес

Сауд Арабиясы клубтары «Ливерпуль» ойыншысы Салахқа қатысты келіссөздер жүргізуді жоспарламайтынын жеткізді.
Алдыңғы ақпараттарда «Әл-Наср», «Әл-Хилаль», «Әл-Иттихад» және басқа клубтардың қызығушылығы туралы айтылғанымен, Сауд Арабиясы өкілдері бұл тек агент пен футболшының арасында жасалған әрекет деп сендіреді. Бұған себеп ретінде Салахтың «Ливерпульмен» 2027 жылдың ортасына дейінгі қолданыстағы келісімшарты айтылды.
«Сауд Арабиясының клубтары халықаралық агенттіктердің, спорттық БАҚ немесе әлеуметтік желілердің хабарламаларына назар аудармайды», - деп хабарлады дереккөздер.
«Әл-Хилаль» және «Әл-Кадисия» клубтары Салахқа қатысты тараған қауесеттерді «ақылға қонымсыз» деп атады.