10.09.2025 14:49
Чемпиондар лигасының фавориттері аталды
10.09.2025 14:49
Opta суперкомпьютері Чемпиондар лигасын жеңуге басты үміткер клубтарды атады
Тізімнің көшін Англия чемпионы «Ливерпуль» бастап тұр. Екінші орынға АПЛ-дың тағы бір клубы «Арсенал» жайғасты. Ал үздік үштікті турнирдің былтырғы жеңімпазы ПСЖ түйіндеген.
Opta нұсқасы бойынша Чемпиондар лигасының басты фавориттері:
«Ливерпуль» — 20,4%;
«Арсенал» — 16%;
«ПСЖ» — 12,1%;
«Манчестер Сити» — 8,4%;
«Барселона» — 8,4%;
«Челси» — 7%;
«Реал» Мадрид — 5,8%;
«Бавария» — 4,3%;
«Интер» — 3%;
«Ньюкасл» — 3%;
«Бенфика» — 1,7%;
«Наполи» — 1,4%;
«Тоттенхэм» — 1,1%;
«Боруссия» Дортмунд — 0,9%;
«Брюгге» — 0,9%;
«Спортинг» — 0,8%;
«Байер» Леверкузен — 0,7%;
«Атлетико» Мадрид — 0,6%;
«Ювентус» — 0,6%;
«Аталанта» — 0,6%.
Жаңа маусымның алғашқы туры 16-18 қыркүйек аралығына жоспарланған.
Еске салсақ, өткен маусымда ПСЖ финалда «Интерді» 5:0 есебімен тізе бүктіріп, тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарған еді.