23.10.2026 18:42

Чемпиондар лигасының басты фавориті аталды

23.10.2026 18:42

Opta суперкомпьютері 3-турдан кейін Чемпиондар лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» (20.56%) бастап тұр. Екінші орынға «Бавария» (15.41%) жайғасса, үздік үштікті «Манчестер Сити» (13%) түйіндеді.

Сондай-ақ алғашқы ондықтың қатарында «Барселона» (11.39%), ПСЖ (10.1%), «Ливерпуль» (7.02%), «Реал» (6.38%), «Астон Вилла» (4.04%), «Интер» (2.2%) және «Атлетико» (1.4%) бар.

Турнир кестесінде ұпайдан шашау шығармаған «Астон Вилла» мен ПСЖ көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram