16.07.2026 02:12
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» келесі кезеңге өтті
16.07.2026 02:12
Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» сырт алаңда «Сутьесканы» 2:0 есебімен жеңді

Черногорияда өткен кездесуде Исмаил Бекболат пен Жоржинио мергендік танытты.
Осылайша Алматының клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті. «Сары-қаралар» келесі кезеңде Кипрдің «Омониясымен» күш сынасады.