16.07.2026 02:04
Аргентина Әлем чемпионатының финалына шықты
16.07.2026 02:04
Әлем чемпионатының жартылай финалында Аргентина Англияны 2:1 есебімен жеңді

АҚШ-тың Атланта қаласында өткен кездесуде 55-минутта Энтони Гордон есеп ашқан еді. Бірақ 85-минутта Энцо Фернандес және 90+2-минутта Лаутаро Мартинес гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
«Альбиселесте» финалда 19 шілде күні Испаниямен кездеседі.