25.02.2026 02:48

Чемпиондар лигасы: «Ньюкасл» «Қарабахты» ұшырып жіберді

25.02.2026 02:48

Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Ньюкасл» өз алаңында «Қарабахты» 3:2 есебімен тізе бүктірді

«Сауысқандар» сапында Сандро Тонали, Свен Ботман және Жоэлинтон мергендік танытты. Ал Әзербайжанның клубында Камило Дуран мен Эльвин Джафаргулиев гол соқты.

Осылайша Англияның ұжымы қос матчтың қорытындысы бойынша 9:3 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Эдди Хау шәкірттері 1/8 финалда «Челсимен» немесе «Барселонамен» ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram