25.02.2026 02:48
Чемпиондар лигасы: «Будё/Глимт» «Интерді» қапы қалдырды
25.02.2026 02:48
Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчында «Будё/Глимт» сырт алаңда «Интерден» басым түсті

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің жалғыз голын Алессандро Бастони соқты. Ал қонақтардың сапында Йенс Хауге мен Хакон Эвьен мергендігімен көзге түсті.
Осылайша Норвегияның клубы қос матчтың қорытындысы бойынша 5:2 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға шықты.
Кьетиль Кнутсен шәкірттері келесі кезеңде «Манчестер Ситиге» немесе «Спортингке» қарсы ойнайды.