22.02.2026 14:28
«Челсиден» бір ойыншы кетеді
22.02.2026 14:28
«Челси» қорғаушысы Уэсли Фофана маусым соңында клубтан кетеді

Topskills Sports UK хабарлауынша, 25 жастағы француз ойыншы өзінің агентінен жаңа клуб іздей беруін сұрапты.
Кейінгі кездері Фофана расизмнің құрбаны болып жүр. Кешегі «Брентфордке» қарсы ойында алаңнан қуылған оны жанкүйерлер табалап, нәсіліне тіл тигізді. Ал Уэсли «Челси» фанаттарының мұндай іске барғанына таңғалып отыр екен.
Лондонның клубы Фофананы 2022 жылы «Лестерден» 80,4 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 26 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.