22.02.2026 11:28
Димарко рекорд орнатты
22.02.2026 11:28
«Интер» ойыншысы Федерико Димарко рекорд орнатты

28 жастағы футболшы Италия А Сериясында бес матч қатарынан нәтижелі пас берген алғашқы қорғаушы атанды.
Ол осыған дейін «Леччеге» (2:0), «Ювентуске» (3:2), «Сассуолоға» (5:0, үш ассист), «Кремонезеге» (2:0) және «Пизаға» (6:2, екі ассист) қарсы матчта көзге түсті.
Димарко осы маусымда 33 матчта алты гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.