24.05.2026 23:09
«Челси» жеңіліп қалды
24.05.2026 23:09
Ағылшын Премьер-лигасының 38-турында «Челси» сырт алаңда «Сандерлендке» 1:2 есебімен жол берді

Ойынның 25-минутында Трэй Хьюм есеп ашты. Кейін 50-минутта Мало Гюсто өз қақпасына гол соғып алды. Ал «Челсидің» жалғыз голын 56-минутта Коул Палмер соқты. Сондай-ақ 62-минутта Уэсли Фофана алаңнан қуылып кетті.
Осылайша Лондонның клубы маусымды 52 ұпаймен 10-орында аяқтады.