04.04.2026 23:19

«Челси» 7:0 есебімен жеңіске жетті

04.04.2026 23:19

Англия кубогының ширек финалы аясында «Челси» өз алаңында үшінші дивизионның командасы «Порт Вэйлді» 7:0 есебімен тізе бүктірді

«Стэмфорд Бриджде» өткен кездесуде Йоррел Хато, Жоао Педро, Тосин Адарабиойо, Андрей Сантос, Эстевао және Алехандро Гарначо мергендік танытты. Сондай-ақ Джордан Лоуренс-Габриэль өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша «ақсүйектер» турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Лиам Росеньор шәкірттері келесі матчын 12 сәуір күні Ағылшын Премьер-лигасының 32-туры аясында «Манчестер Ситиге» қарсы өткізеді. 48 ұпайы бар «көктер» турнир кестесінде алтыншы орында тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram