04.04.2026 21:19
«Реал» жеңіліс тапты
04.04.2026 21:19
Испания Ла Лигасының 30-турында «Реал» сырт алаңда «Мальоркаға» жол берді

Пальма де Майоркада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Ману Морналес пен Ведат Мурики мергендік танытты. Ал «Реалдың» жалғыз голын Эдер Милитао соқты.
Осылайша «бланкос» 69 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 10 сәуір күні «Жиронаны» қабылдайды. Одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында «Бавариямен» кездеседі.