28.02.2026 15:14
Боуэн «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
28.02.2026 15:14
«Вест Хэм» жартылай қорғаушысы Джаррод Боуэн клуб ауыстыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 29 жастағы англиялық ойыншыға «Манчестер Юнайтед» пен «Тоттенхэм» қызығушылық танытуда.
«Вест Хэм» басты жұлдызынан оңай айырылып қалғысы келмейді. «Балғашылар» оны кемі 60 миллион еуроға бағалап отыр. Сондықтан трансфер тек клуб Премьер-лигадан ұшып кеткен жағдайда ғана болуы мүмкін.
Боуэн «Вест Хэм» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 29 матчта сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.