28.02.2026 11:59
Ла Лиганың үздік ойыншысы белгілі болды
28.02.2026 11:59
«Вильярреал» шабуылшысы Жорж Микаутадзе Ла Лиганың ақпандағы үздік ойыншысы атанды

24 жастағы форвард осы айда екі матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.
Осылайша жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Федерико Вальвердені («Реал»), Абде Эззальзулиді («Бетис»), Тома Лемарды («Атлетико») және Луис Мильяны («Хетафе») артқа тастады.
Микаутадзе осы маусымда жалпы 32 матчта 11 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.