12.12.2025 10:31
Бензема «Реалдың» осал тұсын атады
12.12.2025 10:31
«Әл-Иттихад» шабуылшысы, 2022 жылғы «Алтын доп» иегері Кәрім Бензема қазіргі «Реалдың» осал тұсын атады

– «Мбаппе, Винисиус, Беллингем және Родриго бірін-бірі ымсыз түсінуі керек. Бірақ ондайды көріп тұрғаным жоқ. Алаңда әр ойыншы өз міндетін атқару тиіс. Беллингем өзінің сұрмерген емес, плеймейкер екенін түсіну керек. Ал Мбаппе керісінше. Винисиус те тұтқауыл емес, ол вингер. Бұл мәселе шешілсе, бәрі оңалады. Өйткені «Реалда» тек әлемнің үздіктері ойнайды,– деді Бензема.
Сондай-ақ ол командаға лидер бола алатын, тәжірибелі футболшылардың жетіспейтінін де атап өтті.
– «Тағы бір мәселе – Мбаппе, Беллингем, Винисиустерді жөнге салып отыратын тәжірибелі ойыншылардың жоқтығы»,– деді Кәрім.
Айта кетейік, Бензема «Реал» намысын 2009-2023 жылдары аралығында қорғады. Осы аралықта 648 матчта 354 гол соғып, 155 нәтижелі пас берді.