12.06.2026 16:06
«Бавария» Олисені 500 миллионға да сатпайды
12.06.2026 16:06
«Бавария» вингері Майкл Олисені ешкімге бергісі келмейді

Мюнхен клубындағы директорлар кеңесінің бір мүшесі L'Equipe басылымына Олисенің 500 миллион еуроға да сатылмайтынын айтыпты.
24 жастағы француз ойыншысы «Баварияға» 2024 жылы «Кристал Пэластан» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 52 матчта 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берді және Әлем чемпионатына қатысады.