12.06.2026 09:08
Хван Ин-Бом матчтың үздік ойыншысы атанды
12.06.2026 09:08
Әлем чемпионаты бірінші турындағы Оңтүстік Корея – Чехия (2:1) матчының үздік ойыншысы белгілі болды

Ол 67-минутта кәрістердің алғашқы голын соғып, 80-минутта О Хен Гюге нәтижелі пас берген Хван Ин-Бом атанды.
А тобында Мексика үш ұпаймен көш бастап тұр. Дәл сондай ұпайы бар Оңтүстік Корея екінші орында келеді. Ұпайы жоқ Чехия үшінші орынға жайғасса, Оңтүстік Африка төрттікті түйіндеген.