15.04.2026 21:09

«Бавария» ойыншысына «Милан» ұсыныс жасады

15.04.2026 21:09

«Бавария» жартылай қорғаушысы Леон Горецка «Миланға» ауысуы мүмкін

Corriere dello Sport хабарлауынша, Миланның клубы бірнеше апта бұрын Горецка жөнінде Мюнхен клубына ауызша ұсыныс жасапты. «Россонерри» Леонға үш жылға жарамды келісімшарт беріп отыр. Ал оған сәйкес бір маусымдағы жалақысы бонустармен есептегенде бес миллион еуроны құрайды екен. Енді «Милан» футболшыдан жауап күтеді.

Осыған дейін Леон 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, маусым соңында «Бавариядан» кететінін хабарлаған еді.

Горецка Мюнхен клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 40 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram