26.02.2026 18:24
«Бавария» ойыншысы «Галатасарайға» ауысуы мүмкін
26.02.2026 18:24
«Бавария» қорғаушысы Ким Мин Джэ мансабын Түркия чемпионатында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 29 жастағы оңтүстіккореялық ойыншыға «Галатасарай» қызығушылық танытуда. Ыстамбұлдың клубы оны келер жазда қатарына қосып алғысы келеді.
Одан бөлек футболшыға Италия А Сериясының екі клубы көз тігіп отыр екен.
Ким Мин Джэ осы маусымда 24 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.