26.02.2026 14:36

«Реал» Габриэльге ұсыныс жасады

26.02.2026 14:36

«Реал» «Арсенал» қорғаушысы Габриэльге көз тікті

Грэм Бейлидің хабарлауынша, Мадридтің клубы бразилиялық ойыншыны келер жазда қатарына қосқысы келеді. «Бланкос» трансфер бойынша «Арсеналға» алдын-ала ұсыныс жолдапты. Бірақ «зеңбірекшілер» оны сатудан үзілді-кесілді бас тартқан. Лондонның клубы 28 жастағы футболшыны сақтап қалу үшін бар күшін салмақ.

Габриэль «Арсенал» намысын 2020 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 32 матчта төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram