27.02.2026 00:09
«Барселона» ойыншысы қатардан шықты
27.02.2026 00:09
«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг жарақат алды

28 жастағы ойыншы таңғы жаттығу кезінде оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты шамамен 5-6 апта командасына көмектесе алмайды.
Де Йонг осы маусымда 31 матчта бір гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.