20.10.2026 17:14
«Барселона» Гвардиолға көз тікті
20.10.2026 17:14
«Манчестер Сити» қорғаушысы Йошко Гвардиол «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Fichajes хабарлауынша, «блауграна» бас бапкері Ханс-Дитер Флик Пау Кубарсидің жанына ортада ойнайтын солақай футболшы іздеп жатыр. Ал Гвардиол Фликтің барлық талабына сай келіп тұр. Трансфердің болу-болмауы «Манчестер Сити» сұрайтын сомаға байланысты.
«Қалалықтар» Гвардиолды 2023 жылы «Лейпцигтен» 90 миллион еуроға сатып алған еді. 24 жастағы хорватиялық ойыншы осы маусымда он матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.