14.10.2026 02:04

«Барселона» «Галатасарайды» ойсырата жеңді

14.10.2026 02:04

Чемпиондар лигасының екінші турында «Барселона» сырт алаңда «Галатасарайды» тізе бүктірді

Ыстамбұлда өткен кездесуде 1:4 есебі тіркелді. Ойынның 28-минутында Алексей Батраков есеп ашқан еді. Бірақ оған Каталонияның клубы төрт голмен жауап қайырды. «Блауграна» сапында Жоау Канселу, Фермин Лопес, Энтони Гордон және Кәрім Адейеми мергендік танытты.

Ханс-Дитер Фликтің шәкірттері келесі турда 20 қазан күні ПСЖ-ға қонаққа барады. Ал Түркияның ұжымы 21 қазанда сырт алаңда «Лилльмен» шеберлік байқасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram