06.10.2025 21:39

Азамат Тұяқбаев туралы не білеміз?

06.10.2025 21:39

"Қайраттың" жас жұлдызы Азамат Тұяқбаев "Жетісуға" қарсы кездесуде жарқ етіп, жанкүйерді тәнті етті. Талантты ойыншы футбол әліппесін Таразда бастаған

Биыл маусым басында "08 Region" футбол мектебі қос бірдей түлегінің кәсіби деңгейде доп тебетінін айтып, сүйінші сұраған-ды. Ерсұлтан Байтен "Тараз" клубымен, Азамат Тұяқбаев "Қайрат-Жастар" сапында Бірінші лигада бақ сынайтынын хабарлаған. Көп өтпей Тұяқбаев "Қайраттың" негізгі құрамында алаңға шығып, алғашқы голын соқты.

"Монтажник" әуесқой клубында шыңдалған Азамат кейіннен "08 Region-да" қанатын қомдайды. 2020 жылы Alash RKS клубына ауысады. 2022 жылдан бастап, "Қайрат" академиясының назарына ілігіп, қатарға қосылады. 2023 жылдан бері QJ League-те үш маусым өнер көрсетіп, 30 гол соғып, турнир тарихындағы үздік бомбардир атанады. 2024 жылы Азамат Тұяқбаев пен Дастан Сәтпаев "Црвена Звездаға" гол соғып, "Қайрат-Жастар" 2:0 есебімен жеңіске жеткен-ді. Жастар арасындағы Чемпиондар лигасында "Спортинг" қақпасына дубль жасап, көптің көзіне түседі. Дәл осы кездесуден соң, біраз басылым жас таланттың шетел клубтарының көзіне түскенін хабарлаған. Англиядағы АПЛ мен Чемпионшиптан кейінгі үшінші дивизион скауттары Тұяқбаевтың аяқ-алысын бақылап жүрген көрінеді.

ҚПЛ-да "Жетісуға" гол соққан соң, бала арманы орындалғанын айтқан Азаматқа жанкүйер ықыласы ерекше. Әсіресе, қазақша сөйлегеніне қайран. Ақпарат бойынша, оның әкесі – қазақ, шешесі – неміс. Жартылай қорғаушы "Қайрат" сапында

Айзат Айдарқызы

Айзат Айдарқызы

InstagramInstagram