02.08.2026 12:48
«Атлетик» Ляпорттың бағасын бекітті
02.08.2026 12:48
«Атлетик» қорғаушысы Эмерик Ляпорт «Барселонаға» ауысуы мүмкін

Diario AS хабарлауынша, Каталонияның клубы оның Әлем чемпионатындағы ойынына тәнті және қатарына қосқысы келеді. Ляпорттың өзі де «блауграна» сапын толықтыруға дайын. Ал «Атлетик» ойыншысын 80 миллион еуроға бағалайды және одан мүлде түспейміз деп отыр.
32 жастағы Испания құрамасының ойыншысы өткен маусымда 30 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.