02.08.2026 12:35
Педру Нету «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін
02.08.2026 12:35
«Челси» вингері Педру Нету «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

The Sun хабарлауынша, «қалалықтар» оған жақында ұсыныс жасамақ. Ал Лондонның клубы ойыншысын 70 миллион фунт стерлингке (82 млн еуро) бағалап отыр. «Манчестер Сити» бас бапкері Энцо Мареска бұрынғы шәкіртін өз командасында көргісі келеді.
«Көктер» 26 жастағы португалиялық ойыншыны 2024 жылы «Вулверхэмптоннан» 60 миллион еуроға сатып алған еді. Ол өткен маусымда 52 матчта он гол соғып, он нәтижелі пас берді.