22.09.2026 17:05

Артета «Арсеналда» қалады

22.09.2026 17:05

«Арсенал» бас бапкері Микель Артета клубта қалады

BBC Sport журналисі Сами Мокбельдің хабарлауынша, қос тарап ұзақ мерзімге жарамды келісімшартқа қол қою туралы келісімге келді. Оған сәйкес Артетаның жалақысы біршама артады екен.

44 жастағы испаниялық маман «зеңбірекшілерді» 2019 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда 224 рет жеңіске жетіп, 60 мәрте тең түссе, 76 матчта қарсыласына жол берді. Сондай-ақ былтыр Англия чемпионы атанып, Ел Кубогында бір (2019/20) және Суперкубогында үш рет (2020/21, 2023/24, 2026/27) топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram