21.09.2026 13:54

Дьокереш «Арсеналдан» кетуі мүмкін

21.09.2026 13:54

«Арсенал» шабуылшысы Виктор Дьокереш клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 28 жастағы швед форвардына «Ювентус», «Милан», «Әл-Иттифақ» және «Әл-Ахли» қызығушылық танытып отыр. Ал «Арсенал» Виктордың орнына футболшы тапса, оны қыста сатып жіберуге дайын.

Лондонның клубы Дьокерешті 2025 жылдың жазында «Спортингтен» 66,9 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда небәрі бес матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. «Зеңбірекшілердің» бас бапкері Микель Артета Ағылшын Премьер-лигасында көбіне Викторға емес, Кай Хаверцке сенім артып жүр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram