03.10.2025 16:34
Ансу Фати «Монаконың» үздік ойыншысы атанды
03.10.2025 16:34
Ансу Фати «Монаконың» қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды

22 жастағы испаниялық вингер өткен айда үш ойын өткізіп, төрт гол соқты.
Атап айтсақ, «Мецке» қарсы ойында дубль жасаса, «Лорьян» мен «Брюгге» қақпасын бір мәрте дәл көздеді.
Монегаскілер Фатиді «Барселонадан» маусым соңына дейін жалға алған еді.
Алты турдан кейін 12 ұпай жинаған Ади Хюттер шәкірттері Франция Бірінші лигасында 4-орында келеді.