01.07.2026 23:15

Англия 1/8 финалға шықты

01.07.2026 23:15

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Англия Конго Демократиялық Республикасын қапы қалдырды

АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Ойынның 7-минутында Брайан Сипенга алғаш болып гол соққан еді. Алайда 75 және 86-минутта Харри Кейн мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Томас Тухельдің шәкірттері келесі кезеңде дода қожайындары Мексикамен кездеседі. Ойын 6 шілде күні Мехикодағы «Ацтека» стадионында өтіп, сағат 05:00-де басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram