25.12.2025 15:12
Адейеми «Ливерпульге» ауысуы мүмкін
25.12.2025 15:12
«Боруссия» Дортмунд шабуылшысы Кәрім Адейеми «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Патрик Бергердің хабарлауынша, қос тарап арасында келіссөз басталып кетті. «Аралар» 23 миллион еуро көлемінде ұсыныс түссе, оны қарастырып көруге әзір екен.
Бірақ «Ливерпуль» Адейемиді әзірге негізгі ойыншы ретінде көрмейді. Мерсисайдтың клубы оны қосалқы құрамды күшейтетін футболшы ретінде алуды көздейді.
Адейеми осы маусымда 22 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.