12.02.2026 19:30

Абат Айымбетовтың жаңа клубы белгілі болды

12.02.2026 19:30

Абат Айымбетов «Петролул» ойыншысы атанды

30 жастағы қазақ шабуылшысы Румынияның клубымен маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған екен.

Абаттың соңғы клубы «Адана Демирспор» болған еді. Ол Түркияның клубынан шілде айында кетті. Ал оған дейін «Астана», «Крылья Советов», «Қайрат» және «Ақтөбеде» ойнаған.

26 турдан кейін 25 ұпай жинаған «Петролул» Румыния Суперлигасында 12-орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram